×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қиратсаң 700 мың теңге төлейсің: Айыппұлдар өзгереді

22.05.2024, 23:25
Әлеуметтік желіден

Вандализм мен рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін айыппұлдар екі есе артады, Ulysmedia.kz.

Екі есе өсті

Егер бұрын вандализм үшін 100 АЕК-ке дейін өндіріп алу көзделген болса, қазір бұл сома 200 АЕК-ке дейін өсті. Сондай-ақ, бұл бұзушылық үшін түзету жұмыстары, 50 тәулікке қамауға алу немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалуы мүмкін. 

Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағаны үшін айыппұл да екі есеге өсіп, 36 920 теңгені, ал қайта құқық бұзушылық кезінде 73 840 теңгені құрады. 

Бұған дейін

Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар өскенін де айтқан едік. 

– Қазір Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралып жатыр. Онда жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғандарға жылдамдық сағатына 120 шақырымнан асқанда ғана жаза күшейтіледі. Қалғаны бұрынғыдай қала береді. Қаланың ішінде де, сыртында да, – дейді ол.

Олар қалай жазаланады?

Мұндай заңбзұушылыққа жол бергендерге айыппұл 60 АЕК-ке (221 520 теңге) ұлғаяды. Қазіргі заңнама бойынша бұл айыппұл 40 АЕК (147 680 теңге).

Рысбековтың айтуынша, жаза «жылдамдықты жақсы көретіндерге ғана» күшейтіледі.

– «Қарапайым» адамдарға қатысы жоқ, – дейді ол.

Тағы қандай өзгерістер?

Рысбеков сонымен қатар, «орташа жылдамдықтан асыру» деген түсінік енгізіліп жатқанын айтады.

Серіктес жаңалықтары