×
465.28
499.2
5.33
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.28
499.2
5.33

Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл 220 мың теңгеге дейін ұлғаяды – ІІМ заңға өзгеріс енгізіп жатыр

22.05.2024, 13:36
Коллаж: ulysmedia.kz.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысының орынбасары Төлеген Рысбеков Ulysmedia.kz тілшісіне көлікпен жылдамдықты асырып жүретіндерге жаза қалай күшейтілетінін айтып берді.

– Қазір Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралып жатыр. Онда жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғандарға жылдамдық сағатына 120 шақырымнан асқанда ғана жаза күшейтіледі. Қалғаны бұрынғыдай қала береді. Қаланың ішінде де, сыртында да, – дейді ол.

Олар қалай жазаланады?

Мұндай заңбзұушылыққа жол бергендерге айыппұл 60 АЕК-ке (221 520 теңге) ұлғаяды. Қазіргі заңнама бойынша бұл айыппұл 40 АЕК (147 680 теңге).

Рысбековтың айтуынша, жаза «жылдамдықты жақсы көретіндерге ғана» күшейтіледі.

– «Қарапайым» адамдарға қатысы жоқ, – дейді ол.

Тағы қандай өзгерістер?

Рысбеков сонымен қатар, «орташа жылдамдықтан асыру» деген түсінік енгізіліп жатқанын айтады.

– Бұл қалай? Бұл заңбұзушылық тек қала сыртына шыққан көліктерге қатысты. Мәселен, Астанадан Қарағанды жол бар делік. Жолдың тіке учаскесі бар. А пунктінен Б пунктіне дейін қанша уақытта жетуіңіз керектігі есептеледі. Яғни, сіздің жылдамдығыңызды камералар есептеп шығарады. Мәселен, . А пунктінен Б пунктіне дейінгі жолды сіз 1 сағатта басып өтуіңіз керек делік. Ол жолды жарты сағатта өте шықсаңыз, демек орташа жылдамдықты арттырғаныңызды білдіреді. Оларға автоматты түрде айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері математикалық есеп бойынша беріледі, – дейді ол.

Оның айтуынша, өзі айтқан Астана Қарағанды тас жолында сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүретіндер бар.

Серіктес жаңалықтары