×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

ҰҚК қызметкерлерінің азаптау ісі: сот жәбірленушілердің адвокатын лицензиядан айыру жөнінде қаулы шығарды

23.05.2024, 13:05
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК қызметкерлерінің азаптау ісі бойынша жәбірленушілерді қорғайтын адвокат Гүлнар Жуаспаеваны лицензиядан айыру туралы жеке қаулы шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Мен 30 жылдан астам уақыт бойы адвокаттық қызметпен айналыстым және ешқашан ештеңе істемедім. Кеше бұл іс бойынша апелляция басталды. Сот жабық болды әрі іс бойынша мәліметтерді жариялауға тыйым салынды. Биыл мен 60 жасқа толам. Келесі жылы зейнетке шығам. Мен зейнеткерлікке шыққанға дейін Қаңтар істері бойынша жәбірленушілерді қорғағаны, саяси істер бойынша жұмыс істеп, соттарда өз пікірімді білдіргенім үшін мені адвокаттық лицензиядан айырады деп ешқашан ойламаппын, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, 2023 жылғдың желтоқсанында Алматыда сот Қаңтар оқиғалары кезінде лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған ҰҚКД-ның 11 қызметкеріне қатысты үкім шығарған еді. Іс бойынша жәбірленуші ретінде 54 адам танылды. ҰҚК-нің бұрынғы жеті қызметкері үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы үшеуі шартты жаза алды, ал біреуі ақталып шықты.

Серіктес жаңалықтары