Бас прокуратураның мәліметінше, барлық қызметтің өрт қауіпті маусымға дайындығы тексеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов орман өрттері туралы мәлімдеме жасады.
Толығырақ
Биыл Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жаз өте ыстық болатынын хабарлайды.
– Орман өрттерінің ықтималдығы жоғары. Менің тапсырмам бойынша болжамды қауіптерді азайту үшін облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт қауіпті маусымға дайындығын талдайды, - деп атап өтті Асылов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері 27 орман өрті және 122 дала өрті орын алғаны хабарланған болатын.