×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Қазақстанның сейсмологтары екі жер сілкінісін анықтады

23.05.2024, 21:21
ашық дереккөзден

23 мамыр күні Қытай аумағында екі жер сілкінісі болып, оны ТЖМ-ға қарайтын сейсмикалық станциялар да тіркеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алғашқы жер сілкінісі сағат 19:42-де 10 шақырым тереңдікте, Алматыдан оңтүстікке қарай 279 шақырым жерде болды. Энергетикалық класс 9.9, ал магнитудасы 4.4 болған. Деректерге сүйенсек, Алматы аумағында бұл жер сілкінісі сезілмеген.

Екінші жер сілкінісі сағат 19:30-да 10 шақырым тереңдікте, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым жерде тіркелді. Энергетикалық класс 12.1, ал магнитудасы 5.1 болды. Жер сілкінісі Қазақстан аумағында да сезілмеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізілетіні белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары