×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жәнібек Савальев өзін асырап алған бельгиялық әйел қатты ауырып жатқанын айтты

24.05.2024, 09:37
Жәнібек Савальев өзін асырап алған бельгиялық әйел қатты ауырып жатқанын айтты
Фото: видеодан скрин

Анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған белгиялық әйелдің денсаулығы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Арқалық полициясы анасын іздеп жатқанын жеткізді.

Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, ағалар мен әпкелер, замандастар!

Хал-жағдайларыңыз қалай? Жақсы деп ойлаймын, өйткені сіздер туған елдеріңізде өмір сүріп жатырсыздар. Туған анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтсе де, анамдай болып кеткен Қымбат апайым мен әпкемдей болған Әсел, Арқалық полициясы іздеуді тоқтатқан емес. ДНҚ зерттеулері үздіксіз тапсырылып, тексеріліп жатыр, Осындай маңызды жұмыс жүргізіп жатқан барша жанашырларыма алғыс айтамын, – дейді Жәнібек.

Оның айтуыншае, өзін асырап алған анасы қатты қиналып жатыр.

Өзіме келер болсам, жеке басым үшін соңғы кезде оңай болмай тұр. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен анама, алдыңғы бейнероликте сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін көтердім. Әрине бұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінемін. Ал жоспарым туралы айтар болсам, алдағы уақытта менің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялаймын және Алла қолдасын, жақында өздеріңізбен кездесемін деп үміттенемін! – деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Жәнібекті шет елге кім сатып жібергені белгілі болған еді.