×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Шымкентке мешіттің ашылуына Шейх Осман Тоқа келді. Күтіп алушылар оның қолын сүюге асықты

24.05.2024, 18:20
скриншот

Шымкентке Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылу салтанатына әйгілі каллиграф Шейх Осман Тоқа келді. 90 жастан асқан каллиграф Сауд Арабиясында тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоқа Шымкент қаласына келгені туралы бейне жазба тараған. Оны әуежайдан белгілі бизнесмен Серікжан Сейтжанов күтіп алған. 

Шейх Осман Тоқа 24 мамырда Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысқан. \

Ол кім?

Ол Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын қолмен жазып шыққан. Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған.

90 жастан асқан каллиграф Сауд Арабиясында тұрады. Өзі “ұлтым қазақ” деп айтады.

Мешіт жайлы

Мешіт халқы көп қоныстанған жас мегаполистің ортасында — Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатыр. Аяқталмаған құрылыс кезеңінде де мешіт қаланың көптеген аудандарынан жақсы көрініп тұр, ал құрылыс аяқталғаннан кейін сәулеттік жарықтандырылған ақ мәрмәр күмбезі мен мұнаралары дінді ұстанушылар үшін нақты бағдар болады.

Мешіт ғимаратына бірден 12 мыңға жуық мінәрәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар. Өзі ерекше үлкен көлемді болса да, қаладағы басқа құрылыстармен оңай жарасып кеткенін атап өтуге болды. Ғимараттар кешенімен өңірдегі ең үлкен мешіт 12 га учаскеде салынуда, құрылысты «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС еншілес компаниясы жүргізуде.

Жобаның авторы және құрылыстың идеясын ұсынушы «САУТС-ОЙЛ» компаниясының басшысы Серікжан Сейітжанұлы.

 

Серіктес жаңалықтары