×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Құлсарының 600 тұрғыны баспана үшін өтемақы алды

24.05.2024, 22:25
Коллаж Ulysmedia

Атырау облысы жедел штабының есебіне сәйкес, бүгінгі таңда Құлсарының 1164 тұрғыны өтемақы алу туралы келісімге қол қойып, 606 адам төлем алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті жерде жұмыс істейтін мобильді топтар 1667 үйді бағалау және техникалық тексеру жүргізді. Бұл залал деңгейін және қажетті қалпына келтіру шараларын анықтауға мүмкіндік берді. Барлығы 20 мобильді топ қатысты. 

Тұрғындардың бірі Жанаргүл Артығалиева бұзуға ұсынылған апатты үй үшін өтемақы алды. Ол әкімдік ұсынған сома әділ болғанын сондықтан келісім жасасқанын атап өтті. 

Тағы бір тұрғын, зейнеткер Ахметов Жылыой ауданы әкімдігіне су тасқынынан бүлінген үйінің залалын әділ бағалағаны үшін алғысын білдірді. Ол мұндай оқиғалар болашақта қайталанбайды деп үміттенді. 

Құлсары тұрғындарының залалын бағалау жұмыстарын ағымдағы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Мүлікті бағалау бойынша мамандар тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда, бұл әр жағдайдың уақтылы және әділ қаралуын қамтамасыз етеді. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Құлсарыдағы ереуіл

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.   

Серіктес жаңалықтары