×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Шахтадағы 6 адамның қазасы: Күдіктілер анықталды

07.11.2021, 16:08
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы «Сарыарқа» арнасында баспасөз мәслихатына шыққан төтенше жағдайлар министрі Юрий Илиьн мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz 

«Комиссия құрылды, тергеу амалдары жүргізіледі. Кісілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Комиссияның құрамында әртүрлі ведомствоның мүшелері бар. Оның ішінде ІІМ, ТЖМ, ДСМ мен өз аумағында төтенше жағдай тіркелген компанияның өкілдері кіреді. Сол себепті істің бетін жабу немесе болған оқиғаға не себеп болғанын жасыру жағдайлары болмайды. Комиссия оқиғаның себебін анықтап, осындай қайғылы жағдайлар болмауы үшін тиісті ұсынымдарды әзірлейді», - деді Юрий Ильин.

Еске сала кетсек бүгін таңертең Қарағанды облысы Абай қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада метан газы тарап, 6 жұмысшы қаза тапқан болатын. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болған, оның 56-сы дереу эвакуацияланды.

ҚР ТЖМ-ның мәліметінше, Қарағанды облысындағы шахтада метан газының кенеттен шығуы орын алды. Бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған.

«Кез келген тергеудің өзіндік айқындаушы сатылары бар. Қазір айыпты деп ешкімді айтуға келмейді. Бірақ күдікті деп танылған адамдар бар. Олардан жауап алынады. Олар осы жағдайға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бірақ мұның бәрі тергеудің қорытындысына байланысты», - деді Юрий Ильин.

Серіктес жаңалықтары