×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

25.05.2024, 12:20
Ашық дереккөзден

Бүгіннен, яғни 25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандықтар Вьетнам шекарасын аттаған күннен бастап 30 күн ішінде визасыз жүре алады. 

ҚР СІМ 

– 2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан мен Вьетнам үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары, ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Бұл ретте азаматтар елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, 6 айдағы әрбір кезең ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн бола алады, – деген еді  СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстандықтар басқа елге визасыз бара алады

Биыл Pasport Index редакциясы қазақстандықтар саяхаттау үшін визасыз бара алатын елдердің тізімін жаңартты. Ол елдер: Албания, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Әзербайжан, Барбадос, Беларусь, Бразилия, Қытай, Колумбия, Кот-д ' Ивуар, Доминика, Доминикан республикасы, Эквадор, Гамбия, Грузия, Гаити, Гонконг, Иран, Кения, Қырғызстан, Малайзия, Микронезия Федеративтік Штаттары, Молдова, Моңғолия, Намибия, Оман, Палестина, Филиппин, Сербия, Сейшел Аралдары, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Сент-Винсент және Гренадиндер, Суринам, Тайланд, Тәжікстан, Тунис, Түркия, Украина, БАӘ, Өзбекстан.

Сондай-ақ қазақстандықтар визаны бірден кіре алатын елдер: Бахрейн, Бангладеш, Боливия, Бурунди, Камбоджа, Кабо-Верде, Комора, Конго, Куба, Джибути, Египет, Экваторлық Гвинея, Эфиопия, Габон, Гвинея, Үндістан, Индонезия, Ямайка, Лаос, Макао, Мадагаскар,Малави, Мальдив аралдары, Маршалл аралдары, Мавритания, Мозамбик, Непал, Нигерия, Сауд Арабиясы, Сьерра-Леоне, Оңтүстік Судан, Шығыс Тимор, Замбия, Зимбабве, Вьетнам.

Бұрын Henley & Partners 2024 жылғы әлем паспорттарының рейтингін жариялаған еді. Алғашқы бестікте Германия, Испания, Италия, Франция және Сингапур тұр.

Бұл мемлекеттердің азаматтары визасыз режиммен 194 елге бара алады. Сондай-ақ, алғашқы ондықта Жапония, Финляндия, Швеция және Оңтүстік Корея бар.

Серіктес жаңалықтары