×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Су басқан Атбасардың жағдайы қалай?

27.05.2024, 21:00
Әлеуметтік желіден

Атбасар қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 100 пәтерлік үйдің құрылысы басталды. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше құрылыс шамамен 7 ай көлемінде аяқталуы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атбасар қаласында қазір тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы басталған. Ал  тасқын кезінде баспанасынан айырылған 38 отбасы жаңа үйлерге кірген. 

“Материалдық шығын 40 миллион болды. Оны қазір адамдарға төледік. Және ремонт жасаған үйлерге 77 миллион шықты,” деді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары  Әділ Шәйкенов.

Сәуір айындағы тасқын кезінде Атбасар ауданында жалпы саны 377 үй суға кеткен. Оның 200-ге жуығы жарамсыз болып қалған. Қазір бағалау жұмыстары толық аяқталыпты.  

Бұған дейін

Кеше ТЖМ эвакуация пункттерінде 5 316 адам қалғанын айтқан еді.

Бүгінде республика бойынша 61 966 адам өз үйлеріне оралған.

– 26 млн м3 астам еріген су сорылды, 8 млн астам қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Атырау облысы Талдыкөл ауылында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты толық эвакуация басталды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік.  Кейін олар үй құны бойынша мәмілеге келді.

Серіктес жаңалықтары