×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды

28.05.2024, 09:59
Фото: ашық дереккөз

Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылатынын мәлімдеді.

Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізді және тасқын суды соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ ол министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.

Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленеді.

Сондай-ақ елді мекендер үшін қауіп-қатерді көрсететін тасқын су қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары