×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Әділет министрлігі Қазақстанда заңды қазақ тілінде жазуды заңмен бекітуді пысықтап жатыр

28.05.2024, 10:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әділет министрлігі Қазақстанда заңды қазақ тілінде жазуды заң жүзінде бекітуді пысықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділет министрлігі не дейді?

Ведомствоның бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, 27 мамырда әділет министрі Азамат Есқараев Үкімет жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының отырысында «Мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасаған. Әділет министрі өз баяндамасында норма шығару қызметінде қазақ тілін одан әрі дамыту мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орыс тіліне аударуды қамтамасыз ете отырып, оларды қазақ тілінде әзірлеу міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау міндеті көзделгенін атап өткен.

Тіл мәселесіндегі екі бағыт

– Министр тіл мәселесіне байланысты екі бағытқа тоқталып өтті. Бірінші бағыт – терминология мәселесін шешу. Заңнамалық актілердің мәтініне қойылатын талаптардың бірі – бұл терминдердің бірізділігі. Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен терминдер ұсынымдық сипатқа ие. Сондықтан, іс жүзінде, Комиссия мақұлдағаннан кейін де, заңгерлер мен филологтар арасында бір терминді әртүрлі етіп аудару төңірегінде пікірталастар жиі туындайды. Сондықтан қазақша терминологиялық сөздіктерге ресми мәртебе беру және оларды нормашығару процесінде қолданудың міндеттілігін енгізу қажеттігіне тоқталды, – деп хабарлайды Әділет министрлігі.

Ал екінші бағыт – тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау. Бүгінгі таңда заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша мамандардан заңгерлерден және ғалымдардан құралған пул тізімі қалыптастырылғаны және болашақта сол мамандарды заң жобаларын әзірлеу процесіне тарту қажеттігі айтылған.

Әділет министрі қазақ тілінде заң жазуға, нормативтік құжаттарды түзеуге «икемсіз» деген түсініктен арылып, мемлекеттік тілдің мол мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажеттігін айтқан. Алдағы уақытта бірлесіп атқарар жұмыстарда айқын нәтижелерге қол жеткізетініне сенімін білдірген.

Серіктес жаңалықтары