×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қызылордада ит мектеп оқушысын талап, бірнеше адамға шапты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қызылорда қаласында бос жүрген ит шамамен 7, 8-дер шамасындағы оқушы балаға шабуылдап, оны жерге құлатқан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Иығына сөмкесін асынған бала жерде етпетінен жатып, қос алақанымен бетін жауып алған. Ал ит еш «саспастан» аяғымен баланың үстінен басып, «тағы кім бар» дегендей жан-жағына қарайды. Жан-жақтан «кет, кет» деп айғайлап жатқан адамдарға да «пысқырмайды».

Видеодан көрінгендей, осы кезде үй жануары тұрғын үй кіреберісінен шыға берген адамдарға қарай жүгіріп, тіпті кіреберіске кіріп кетеді.  

Еске салсақ, былтыр Экология министрлігі үй жануарларын міндетті түрде чиптеуге қатысты түсініктеме берген болатын.

Заң не дейді

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сүйенсек, егер сіз кез келген итке зақым келтіріп немесе қару пайдалану арқылы атсаңыз, Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-тармағы (жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша әкімшілік жаза арқалайсыз. Бұл дегеніңіз – 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, сол мөлшерге пара-пар түзеу жұмыстарына, 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамалу түріндегі жаза. Ал ветеринарларға оларды атуға, ұйықтатуға мүлде тыйым салынды. Төрт аяқтылардың азап шегуін тоқтату үшін немесе халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде ғана өлтіруге рұқсат. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салынғаны тағы мәлім. Жануарды қорғаушы қоғамдық ұйымдар ұлардай шулап жүріп шығартқан заң қаңғып жүрген итке тас лақтыруға да тыйым салады. Оған сүйенсек, қоғам онсыз да «бұралқы» болуға «мәжбүрленген» иттердің басына пана беруге, алдына ас қоюға тиіс.

Серіктес жаңалықтары