×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Бишімбаевтың адвокаты өзін қорқытып жатқанын мәлімдеді: тергеу жүріп жатыр

28.05.2024, 15:05
Коллаж: ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметтері бойынша, қазір бұл фактке байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Елран Ғалымжанов өзін қорқытып жатыр деп, полицияға арыз бергені белгілі болды.

Толығырақ

Астана полиция департаменті бұл факт бойынша ҚР ҚК 409-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады (сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға байланысты қатер немесе зорлық-зомбылық әрекеттері).

– Қазір іс бойынша істің барлық мән-жайды толық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін БАҚ Қазақстанда Бишімбаевтар отбасының табысын тексеру туралы петицияның басталғаны хабарлаған болатын.

13 мамырда Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен  өлтірді деген айыппен кінәлі деп танылып, 24 жыл бас бостандығынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары