×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Астанада балабақшаларға азық-түліктің бағасын негізсіз көтеріп сатқандар анықталды

28.05.2024, 15:40
Фото: mail.kz

Астананың мектепке дейінгі ұйымдарына жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы негізсіз көтерілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тауарлар бағасының көтерілгенін Қаржы мониторинг агенттігі анықтап, бірқатар компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Астана әкімдігінің Білім басқармасы басшылығымен бірлесіп, 98 мектепке дейінгі ұйыммен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде балабақшалар бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жөнінде ӘМАТ жеткізушілерімен қосымша келісімдер жасалады.

Қазір қаланың мектепке дейінгі 21 мекемесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткізу шарттары бойынша баға төмендеді. Соның арқасында 31 миллион теңгеден астам ақша үнемделді.

Сәбіз 49% (336-дан 170 теңгеге дейін), картоп 40% (336-дан 200 теңгеге дейін), қырыққабат 54% (370-тен 170 теңгеге дейін), пияз 45%  (220-дан 120 теңгеге дейін) төмендеді.

Десе де кейінгі жылдары қымбаттамаса, азық-түліктің қай түрінің болсын, едәуір арзандағаны тағы байқалмайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда халықтың табысын арттыруға арналған петиция жарияланды

Серіктес жаңалықтары