×
452.92
484.99
5.12
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
452.92
484.99
5.12

Ұрып-соғып, тамақ бермеген: Қайырымдылық мекемесінің атын жамылған ұйымның жұмысы тоқтады

28.05.2024, 20:55
Әлеуметтік желіден

Сот «Жібек жолы» қайырымдылық мекемелері қауымдастығының құрамына кіретін 26 ұйымды лицензиянсынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Тамақ бермей жазалаған

Қайырымдылық мекемесінің атын жамылған ұйым туралы былтыр қаңтар айында өзін-өзі өлтіргеннен кейін белгілі болған еді. Сол кезде полиция қылмыстық іс қозғаған. Осы даулы оқиғадан кейін тәрбиеленушілерді діни рәсімдер мен ұжымдық дұғаларға күштеп қатыстырып, ал келіспегендеріне тамақ пен су бермей жазалағандары анықталды.  

Уәкілетті орган тексерісінің қорытындысы бойынша Алматы қаласында қайырымдылықпен және білім беру саласындағы қызметпен айналысатын 26 мекеменің тек 11-і нақты жұмыс істеген, ал 15-і тіркелген жерінде жоқ екені белгілі болған. 

Олардың қатарында «Ана Аманаты» қыздар мектеп-интернаты, «АМАНАТ әлеуметтік балалар үй-интернаты», «Алмалы» әлеуметтік балалар үйі-интернаты, «Сауран-Ислам мәдени орталығы» және т.б. қайырымдылық ұйымдары бар.  

Өміріне қауіп төндірген

Мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты, соның ішінде көші-қон, еңбек, жер, экология және тұрғын үй мәселелеріне қатысты өрескел заң бұзушылықтар болған. Сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өрт қауіпсіздігі талаптары, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, діни, қайырымдылық және қаржылық-шаруашылық қызмет салаларында тәртіп бұзу фактілері анықталған.  

Іс жүзінде мекемелердің жұмысы олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді. Оның үстіне, олардың кейбіреулері білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырған. Балалардың тиісті білім, тәрбие және дер кезінде медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.  

“Қайырымдылық мекемелерінің діни көзқарасы расталып, ҚР Мұсылмандары Діни басқармасының «Жібек жолы» мекемесімен меморандумы біржақты тәртіпте тоқтатылған. Заң нормаларын бұзған аталған мекемелердің бірқатарына және олардың басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған (кәмелетке толмағанның өз-өзіне қол жұмсауы, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты қоздыру, сотпен экстремистік және террористік деп таныған әдебиеттерді табу),”- деп хабарлады Алматы қаласының соты. 

Осыған орай, бірінші сатыдағы сот талап қоюды толық қанағаттандырды.  

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 26 қайырымдылық мекемесінің мемлекеттік тіркеуі жойылып, қызметі тоқтатылды.  

Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады. 

Серіктес жаңалықтары