×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Кеңірек қарау керек: Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасына қатысты туған дау жайлы

29.05.2024, 13:40
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, "Болашақ" бағдарламасын жабуға болмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтен "Болашақ" бағдарламасы жөнінде сұрақ қойылды. Стипендия алғандардың бірі оқу үшін кепілге қойылған пәтерін сатып, Ұлыбританияға көшіп кеткен еді. Ал оның оқу құны гарант болған екі адамға міндеттеліп қалған.

Жауап

– Біз арпаны бидайдан ажырата білуіміз керек. Иә, кемшіліктер бар. Бірақ дәл осы жағдай бағдарламаны жабатындай шешімге әсер етпеуі тиіс. Менің ойымша, бұл мыңдаған қарапайым баланың арманын жүзеге асыра алатын ерекше жоба. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Біздің еліміз 10 мыңнан астам сұранысқа ие кадрларды даярлады, - деді ол.

Аймағамбетов мәселеге кеңірек қарау керек деп есептейді.

– Әлбетте, хайп ұстап, бағдарламаны жабу керек дейтіндер бар шығар. Бірақ құртуға болмайды. Қателіктермен жұмыс істеу керек. Бағдарлама одан әрі дамиды. Бұл Қазақстан мен сапалы білім алуды армандайтын жастар үшін қажет.

Менің ойымша, құзыретті органдар мұның не үшін болғанын және мұндай шешімді кім қабылдағанын анықтайды. 12-13 мың жағдайдың ішінен осындай кейстер көрінгенде... Бағдарлама жабылуы тиіс деп айтуға болмайды, - деді депутат.

Дау неден басталды

Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева "Болашақ" бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Валерия Гавриленкоға кезінде гарант болған. Олардың айтуынша, оқуды бітіргеннен кейін Валерия 2017 жылы орталық қызметкерлерімен сөз байласып, екі пәтерін орталықтың кепілінен заңсыз шығарып, Ұлыбританияға кетіп қалған. Енді қазін “Болашақ” өз құжатын заңсыз деп танып, Гавриленконы стипендиядан айырып, оқу ақысын өтеуді талап етеді.

"Бірақ Гавриленко елде ұзақ уақыт болмағандықтан одан орталық қарызды өндіре алмады. Ал 2024 жылы үш жылдан кейін оның 30 миллион теңгеге жуық қарызын бізге төлеткелі отыр, - дейді Наталья Воробьева.

Оның үстіне, ол бес жыл ішінде кінәлілер анықталмай, қылмыстық іс қозғалмады деп мәлімдейді.

"Экстрадициялау механизмі пысықталып жатыр” 

Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанова 13 мың табысты түлектердің шамамен 1% оқуын аяқтамаған немесе еңбек міндеттемелерін орындамаған түлектер екенін атап өтеді.

"Бұл жағдайда бағдарлама стипендиаты саналы түрде заңсыз әрекет жасады және Ұлыбританияға көшу құралы ретінде мемлекеттік стипендияны пайдаланды. Орталық мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындамайтын стипендиаттарды экстрадициялау тетігін пысықтап жатыр. ІІМ, СІМ, құқық қорғау органдарына хаттар жолдады, сол елдегі тиісті органдармен жұмыс жүргізіп жатыр, – деді ол.

Орталық қызметкерлері жауапсыз қала ма

Алаяқтыққа қатысы бар қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілген.

"Құқық бұзушылық анықталып, істі қозғау үшін прокуратураға жіберілді", – деп толықтырды Әлия Оспанова.

Студент туралы не белгілі

Валерия Гавриленко 24.kz арнасында жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеген. Дау басталғаннан кейін әйел өзінің Instagram парақшасын жауып тастаған. Дегенмен, біз оның профилін осы уақытқа дейін көре алдық. Ол фотосуреттерді көптен бері жарияламаған. Бірақ ол Chanel бренді сияқты өте қымбат сөмкелерді жақсы көретінін атап өткен жөн. 

Серіктес жаңалықтары