×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Қызылордада баланы алабай талап өлтіре жаздаған: полиция түсініктеме берді

29.05.2024, 18:49
Қызылордада баланы алабай талап өлтіре жаздаған: полиция түсініктеме берді
скриншот

Әйтсе де, баланың ата-анасынан арыз түспеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің  Ulysmedia.kz редакциясына жолдаған жауабында оқиғаның 28 мамыр күні Қызылорда қаласы Устабаев көшесінде болғаны жазылған.

– Полиция басқармасы бейнежазбаға жіті тексеру жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде Қызылорда облысының ветеринария басқармасының қызметкерлері жануарды түзеу пунктінің қоршауына орналастырып, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес қажетті сараптамалар алды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері белгісіз тұлғаға ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы 1-бөлімі 4-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімдеді. Жануар иесін анықтау мақсатында қажетті шаралар кешенін өткізуде.

Бұл дерек бойынша үй жануарынан зардап шеккен адамдардан арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. Жыл басынан бері жануарлармен жұмыс саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін азаматтардың 80-нен астам өтініші қабылданып , 83 әкімшілік хаттама рәсімделген, – делінген жауапта.

Тараған видео

Бұған дейін иттің шабуылына ұшыраған мектеп оқушысының видеосын жариялаған едік. Алабайдың азуынан баланы сол маңдағы азаматтар аман алып қалған. Зардап шеккен баланың ата-анасың айтуынша оның арқасында сызаттар болған.