×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі сынақтан өткізіледі

30.05.2024, 11:59
Фото: salirporbarcelona.com

Алматыда Mass Alert төтеше жағдай туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылады.

Ертең, сағат 12:00-де Android мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Алаңдамаңыздар. халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested», - деген хабарлама келіп түседі. 

Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертеді. 

Сондай-ақ, Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

 

Серіктес жаңалықтары