×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қазақстанның Қаржы министрлігі халықаралық конвенцияны бұзды — Бас прокуратура

30.05.2024, 14:28
Ашық дереккөзден

Қазақстанның Қаржы министрлігі Халықаралық конвенцияны бұзғанын Бас прокуратура хабарлады. Бұл Алматы соттарының польшалық Exalo Drilling компаниясының салық тексеруінің нәтижелеріне шағымдану талабын қарау шеңберінде анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамай, 612 млн теңге корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеген.

Польша Қаржы министрлігі бірнеше рет даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсіміне бастамашы болуға тырысқан. Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген.

Алайда Қазақстан Қаржы министрлігі сот дауының болуына сілтеме жасай отырып, келіссөз жүргізуден бас тартты.

"Бас прокуратура қадағалау актісін енгізгеннен кейін ҚР және Польша қаржы министрліктері арасында өзара келісу рәсімі аяқталды. Польша тарапы компанияның Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыра бастағаннан бері Польшаның "резиденті" мәртебесін растады. Нәтижесінде салық органы сотта бітімгершілік келісім жасасып, өзінің хабарламасын қайта қарады", - делінген хабарламада.

Осылайша, Exalo Drilling компаниясының 612 млн теңге сомасына салықты қосымша есептеуі жойылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Энергетика министрлігінің жұмысындағы бұзушылықтарды анықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары