Тестілеу басталған сәттен бастап негізгі ҰБТ тапсыру кезінде 126 бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тәртіп бұзғандар арасында смартфондар, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып жүруге тырысқан 94 талапкер бар. Олар бірден емтиханнан шығарылған.
Сонымен қатар, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылған, олардың тест нәтижесі жойылған.
Бейнежазбаларды тексергеннен кейін тестілеу ережелерін бұзған тағы бес адамның нәтижесі де жойылған.
“Бейнежазбаларды талдау ҰБТ-2024 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану жағдайлары немесе басқа да бұзушылықтар анықталса, қатысушылардың нәтижелері жойылады, деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 71 мыңға жуық адам тестілеуден өткен. Талапкерлердің 71 пайызы қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тапсырған.
ҰБТ басталғалы бері түлектердің 74 пайызға жуығы шекті балл жинай алған. Ал орташа балл 67 ұпайды құрады. Осы апта ішінде ең жоғары 137 баллды үш талапкер жинаған.
Бұған дейін
Саясат Нұрбек 2025 жылы Ұлттық бірыңғай тест тапсырудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде іске қосылатынын айтқан еді.
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі және "ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Арман Қашқынбеков Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құзыретіне күмән келтірген еді.