×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Үйден емделеді: Қастандық жасалған Словакия премьер-министрінің жағдайы қалай?

31.05.2024, 21:35
Ашық дереккөзден

Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо ары қарай үйінен емделеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо Банска-Бистрица қаласындағы ауруханадан одан әрі емделу үшін үйіне, жеткізді. Бұл туралы премьер-министр емделген медициналық мекеме басшылығы айтты. 

Банска-Бистрицадағы аурухананың бас дәрігері Мариам Лапуникова  басқа медициналық мекемеге емес, үйге ауыстыру Фицоның өз  талабы екенін айтты. Үкімет басшысы ауруханадан шығып, денсаулығының жай-күйі рұқсат етілген бойда үйде емделуді жалғастырғысы келген. Бас дәрігердің айтуынша, қалпына келтіру процесі сәтті жүріп жатыр. 

Бұған дейін

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған еді.

Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды

Кейін Словакиялық БАҚ  қастандық жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін жазған. Бұған дейін ол әлеуметтік желі арқылы Фицоны ұнатпайтынын ашық айтып жүрген. 

Серіктес жаңалықтары