×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жарып жібергісі келген: Теракт жасамақ болған шешен азаматы ұсталды

01.06.2024, 00:05
Жарып жібергісі келген: Теракт жасамақ болған шешен азаматы ұсталды
фото: olympic.kz

Франция ІІМ ішкі қауіпсіздік Бас басқармасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары кезінде лаңкестік шабуылға дайындалды деген күдікпен 18 жастағы шешен азаматын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің баспасөз мәлімдегендей аты-жөні көрсетілмеген жас жігіт Сент-Этьен қаласындағы Джоффрой Гишар стадионында "исламдық себептермен" және "шейіт болып өлу" үшін шабуыл  жасамақ болған. Ол футбол ойыны кезінде көрермен мен полицейлерді құрбан қылуды ойлаған.  

Күдікті қылмыскер 22 мамырда ұсталып, кейін оған қылмыстық террористік қауымдастықтың басшысы ретінде айып тағылып, қамауға алынған. Жас жігіт Францияға ата-анасымен бірге 2023 жылы келген. 

Ойындарда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі деп күтілуде 

Жиһадшылар Парижде бірнеше рет шабуыл жасады, олардың ішіндегі ең үлкені - 2015 жылдың 13 қарашасында - 130 адамның өмірін қиды. Француз билігі бұған дейін Украинадағы және Газа секторындағы соғыстар Олимпиада ойындары кезінде де зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірген. 

Париждегі Олимпиада

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Париж қаласы 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен ХОК-тің 130-шы сессиясында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қабылдаушы қаласы болып бірауыздан сайланған.

Айта кету керек, бұрын 1900 және 1924 жылдары Олимпиада ойындарын өткізген Париж Ұлыбритания астанасы Лондоннан (1908, 1948 және 2012) кейін үш рет Олимпиада ойындарын өткізген екінші қала болады.

Сондай-ақ, 2024 жыл Париж-1924 ойындарының жүз жылдығымен, сонымен қатар Франция өткізген алтыншы Олимпиада ойындарымен атап өтіледі.

Туды кім ұстайды?

Журналистер Спорт министрі Ермек Маржықпаевтан Париждегі ойындарында Қазақстанның ту ұстаушысы кім болатынын сұраған. 

– Әлі шешілген жоқ. Бірақ үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірге белгісіз. Енді лицензиялық турнирлер бітеді, содан кейін оның атын айтамыз, – деді Маржықпаев.

Журналистер қазіргі жеңіл атлет Надежда Дубовицкаяда болады деген сыбыс бар, сол көтере ме деп сұраған. Маржықпаев “онда әлі лицензия жоқ, егер спортшыда лиценция болса, бұл мәселені қарастырамыз” деді.