×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Крокус Ситидегі" теракт: концерт залының қызметкерлері күдікке ілінді

01.06.2024, 12:55
"Крокус Ситидегі" теракт: концерт залының қызметкерлері күдікке ілінді
Коллаж Ulysmedia

"Крокус Сити Холл" концерт залының екі қызметкері террористік акт ісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметті көрсетілгені үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Ресей қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігі бойынша "Крокус Сити Холл" екі қызметкері күдікке ілінген.

– Тергеудің айыпталушыларға айып тағуының негізі мынада: концерт залындағы өрт шыққан жағдайдағы шығатын есіктер жабық болған. Ізінше, көрермендер жанып жатқан ғимараттан шыға алмай қалған. Соның салдарынан 80-ге жуық адам өртеніп кетті немесе көміртегі тотығымен тұншығып, әртүрлі бөлмелерде, соның ішінде дәретханалардан шыға алмай қалған, - деп жазады "Коммерсант"басылымы.

Айыпталушылар тағылған айыппен келіспеген, олардан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынған.

Мәскеудегі теракт

Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.