40 жастағы ер адам сот үкімі Атырауда жарияланғаннан кейін өзін кеңсе пышағымен тілгілеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде оқиғаның кадрларя тарап кетті. Сотталушы үкіммен келіспегендіктен осындай қадамға барған.
Ол ҚР ҚК 608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару) бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот шешімімен келіспей, ер адам өзін-өзі жарақаттағаг. Полиция ҚР ҚК 105-бабы бойынша тергеуді бастады (суицидке дейін жеткізу).
"Мен шаршадым. Мені қайта-қайта тұтқындады. Мен шыққаныма бір жарым ай болды. Ешқандай әділетсіздік жоқ, мен өзімді өлтіремін", - деді ол.
Бұл шынымен де ер адамның алғашқы соттылығы емес екені анықталды. Ол сондай-ақ бұрынғы әйелімен ажырасу кезінде ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.