Украина президенті Владимир Зеленский Қытай басқа елдердің өкілдерін Бейбітшілік саммитіне келмеуі үшін тырысады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол бұл туралы Сингапурдағы конференцияда айтты. Айтуынша, қазір саммитке 106 ел қатысқанын растаған, алайда Ресей бұған жол бермеуге тырысады.
"Ресей бүгін де әлемнің көптеген елін аралап, азық-түлік, агроөнеркәсіптік кешен немесе химия, энергетикалық бағалар қоршауына қауіп төндіреді немесе саммитте болмас үшін әлемнің басқа мемлекеттеріне қысым жасайды. Кейбір мемлекеттер Ресейге бейбітшілік саммитінің дипломатиялық жолмен бұзылуына көмектесе бастағаны жөнінде жағымсыз ақпарат жоқ", - деді ол.
Украина президенті осындай елдердің бірі Қытай екенін айтты.
"Америка Құрама Штаттары қатысатянын жоғары деңгейде растады. Бізге президенті келуі мүмкін. Қытайға келетін болсақ, олар кез-келген деңгейде өздерінің қатысуын растаған жоқ.
Қытай, өкінішке қарай, керісінше - елдердің Бейбітшілік саммитіне келмеуі үшін жұмыс істейді. Осы екі позицияның арасындағы үлкен айырмашылық", - деп түсіндірді Зеленский.
Еске сала кетейік, 1 маусымда Қытай Швейцарияда маусым айына жоспарланған Украина бойынша жаһандық бейбітшілік саммитіне қатысудан бас тартты. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин бұл шараны ұйымдастыру Бейжіңнің талаптары мен халықаралық қауымдастықтың үміттеріне сәйкес келмейтінін айтты.
Ресей саммитке шақырылған жоқ. Мәскеу оның қатысуынсыз кездесу мағынасын жоғалтады деп мәлімдеді.