×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Астанада әйелін ұрып, фельдшерді пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

03.06.2024, 09:25
Фото: видеодан скрин

Астанада мас күйде әйелін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елордалық полицейлердің айтуынша, оқиға өткен түнде болған.

Отбасылық жанжалдан таяқ жеген әйел жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде ер адам мас болған. Ол медицина қызметкерлерін балағаттаған. Пышақпен қорқытып, бөлмені жауып, тіпті фельдшерге жұдырық ала жүгірген. Медицина қызметкерлері 102 шақырған.

Полиция жасағы ер адамды дереу ұстап, Алматы аудандық Полиция басқармасына жеткізді.

Пышақ тәркіленіп алынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жанжал шығарған 25 жастағы ер адам мас болған.

Оған әкімшілік іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары