×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстан халқының саны бір айда қанша адамға өсті

03.06.2024, 12:46
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына байланысты тың ресми деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір айдағы өсім

Бюроның мәліметінше, 2024 жылдың 1 мамырында халық саны 20 118 478 адам болған. Бюро бұған дейін 1 сәуірде Қазақстан халқының саны 20 095 963 адамды құрағанын хабарлаған еді. Яғни, бір айда 22 515 адамға көбейген.

2024 жылдың басында халық саны 20 033 842 адам болған.

Қала мен ауылдағы халық саны

Қазақстанның қалаларында 12 451 192 адам тұрады. Ал ауылдардағы жан саны – 7 582 650.

Халқы ең көп қалалар мен облыстар

Халықтың ең көбі Алматы қаласында шоғырланған. Оңтүстік астанада 2 228 677 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы. Ол өңірде 2 142 172 адам бар. Алматы облысында 1 531 167 адам тұрады. Халқы миллионнан асатын өңірлердің қатарына 1 135 351 адам тұратын Қарағанды облысы да кіреді.

Астанада 1 430 117, ал Шымкентте 1 222 066 адамнан бар. 

Халқы ең аз облыс – Солтүстік Қазақстан. Онда 530 089 адам тіркелген.

Ulysmedia.kz порталы осындай мәліметті өткен айда да жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары