×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Шығыс Қазақстанда бойжеткен әкесін сотқа берді

Коллаж: Ulysmedia.kz

Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толған бойжеткен өзінің оқу кезеңінде әкесінен алимент өндіріп алу үшін сотқа шағым берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

ШҚО соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, ол биыл қаңтарда 18 жасқа толған. Осыған байланысты әкесінің алименттік міндеттемелері тоқтатылды.

Алайда, қазіргі таңда талап қоюшы жыл сайынғы оқу ақысы 250 000 теңге болатын колледждің ақылы бөлімінде оқиды. Әкесі талап қоюшыға оқу кезінде өз еркімен материалдық көмек көрсетпейді.

Сот не дейді

Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толған, бірақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларына, күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 138б. 2б. сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады. Талап қоюшы осы құқығын пайдаланып, сотқа жауапкерден оны күтіп-бағу үшін белгіленген ақшалай алимент өндіру туралы арызбен жүгінді, - делінген ақпаратта.

Сот отырысында тараптар келісімге келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат беріп, келісім сотпен бекітілді және осыған байланысты іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары