×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды

03.06.2024, 19:17
Фото: egemen.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен қатар жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.

Салыстыру үшін айтсақ, былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр, - делінген хабарламада.

Айта кетері, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.

Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді, - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары