×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Кешігуіңіз мүмкін: Астана тұрғындарына ескерту

04.06.2024, 00:05
Әлеуметтік желіден

4-7 маусым аралығында Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Ж. Тәшенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі жол учаскесі толығымен жабылады Ulysmedia.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бұл учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жүргізілетінін хабарлады. 

"Ж. Тәшенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде Ж. Тәшенов тұйығы бойынша жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4-7 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады", - делінген хабарламада. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Серіктес жаңалықтары