×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

«Оның деңгейі төмен»: Сарапшы Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді

04.06.2024, 15:09
Фото: ашық дереккөз

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz-ке берген сұхбатында IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасында болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл кездесу 13 шілде Лас-Вегаста өтеді. Осы айқаста қазақстандықтың титулдары сарапқа салынады.

IBF ұйымының тәртіпке қаталдығы құрметке лайық. Рейтингтегі бірінші нөмір әрдайым чемпионмен айқасуға мүмкіндік алады. Алайда үміткерлердің деңгейі осалдау болып жатады. Михайлович бұл жекпе-жекке ұзақ жүрді. Мүмкін ол статистикасы жақсы боксшы болар. Алайда шынына келгенде - оның деңгейі Жәнібекпен салыстырғанда төмен. Бұл жекпе-жекте санат айырмашығы көрінеді. Келісемін, ешкімге менсінбей қарауға болмайды. Біз көптеген апсетке куә болғанбыз, бірақ, мына жекпе-жекте үміт жоқ. Бұл айқаста Жәнібекке бөгет өзі ғана, егер ол әдетінен жаңылмаса, нокаут көретін де шығармыз, - дейді Маккаферри.

Серіктес жаңалықтары