×
478.93
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.93
534.96
5.16

Тағы да өрт: Жамбылда орман аумағы жанып жатыр

05.06.2024, 00:00
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы Сарғоба орман шаруашылығында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белгілі ақпарат бойынша өрт кешкі сағат төрт жарымдардың шамасында шыққан. 

“04.06 күні 16-20 уақыт шамасында Меркі ауданының «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ- нің Сарғобы орманшылығында (30,31 орамдары) шөптің жануы анықталды, көлемі 1650 га,”- деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына орман шаруашылығынан 7 трактор 3 автокөлік 22 адам және ТЖБ бөлімдерінен 84 адам 9 техникамен шыққан.

Жел оңтүстік бағытта 10-12 м/с. Ауа температурасы +30.

Орман шаруашылығы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан.

Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткен. Қазіргі уақытта бұл ауданда 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, істің 27 қазанда сотқа жолданғанын хабарлаған болатынбыз.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртенген еді. Өртпен 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болған.