×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Журналистерден неге қашасыз – тілшілер ТЖМ министріне

05.06.2024, 14:23
Журналистерден неге қашасыз – тілшілер ТЖМ министріне
Фото: Ulysmedia.kz

Мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен журналистер неге БАҚ алдына шықпайтынын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді?

Әрінов БАҚ өкілдеріне расында да көрінбей кеткен. Бүгін Үкіметтің бүкіл мүшесі келген Мәжілісте бой көрсетті.

– Неге журналистерден қашасыз? – деп сұрады журналисер одан. 

Министр тілшілердің уәжіне келіспейтін кейіп танытты.

– Мен ешкімнен қашып жатқан жоқпын. Үш-төрт күн болды (келгеніме). Барлық өңірлерде болдым. Ондай ойлар бар. Ремонт біткеннен кейін пресса алдына бір айдың шығамыз, – дейді министр.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.