×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Kazakhmys» Владимир Жұманбаевқа іздеу жарияланғанын жоққа шығарды

«Kazakhmys» Владимир Жұманбаевқа іздеу жарияланғанын жоққа шығарды
Фото: ашық дереккөз

«Kazakhmys Holding» ЖШС кәсіпорынның топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қатысы жоқ»

Желіде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматы, «Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері, «Алтын Алмас» және «Қаражыра» акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз, - делінген «Қазақмыс» ЖШС-нің Telegram арнасында. 

«Мүддесін қорғауға дайын»

Сондай-ақ ақпаратта В. Жұманбаев қазір еңбек демалысында және құқық қорғау органдарынан жасырынбайды, тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жазылған.

Бұған қоса «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініш келіп түскен жоқ. Компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға дайын, - дейді компаниядан.

Еске салсақ, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер, «Вертекс Голд» компаниясының иесі Владимир Жұманбаевқа Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялағанын жазған болатынбыз.