Күршім ауданының Маралды ауылында салынып жатқан алтын өндіру фабрикасында қазір жергілікті тұрғындар да жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорын толық іске қосылғанда 300-ге жуық ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әкім не дейді
Бүгінгі таңда «Маралды GOLD» және «ВСАМ ПРОДАКШН» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде барлығы 21 тұрғын жұмыс істейді, соның алтауы Маралды ауылының адамдары, – дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сейілханов.
Ауылда 476 адам тұрады
Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ақпаратына сүйенсек, ауылдағы халықтың саны бар болғаны – 476 адам. Оның 92-сі зейнеткер. Сондай-ақ 21 көпбалалы отбасы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы бар.