×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті сотталды

«Қазақфильм» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті сотталды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. 

Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра, жымқырғаны үшін сотталды. Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.