×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Мектепке вейп әкелуге тыйым салынады

07.06.2024, 20:15
Әлеуметтік желіден

ҚР Оқу-ағарту тиісті бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тыйым салынады

Оқу-ағарту министрлігі "Ашық НҚА" порталында вейтарға қатысты бұйрықтың жобасын жариялады.  
 
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мектепте вейп алып жүруге тыйым салынады. Жобаның мақсаты- вейптерге арналған хош иістендіргіштерді тізімге енгізу.  
 
Құжат 21 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Бұған дейін

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған. Оның ішінде шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Кейін Қазақстанның ізімен Қырғызстандағы дәрігерлер электронды темекіге толық тыйым салу туралы заң қабылдауды сұраған. 

Тосын сұрақ

Сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан “егер вейпке тыйым салынса, жастардың бәрі темекі шегіп кетпей ме? Ендеше неліктен темекіге дейін тыйым салмайсыздар? Денсаулық сақтау министрлігі темекі бизнесімен айналысатын бизнесмендердің лоббиін қорғап отыр ма?» деп журналситер сұраған.

Бұл сұраққа жауап берген Ажар Ғиният темекіні де балаларға сатуға тыйым салынғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары