Ел ішінде Қойшы бала атанған әнші Айдос Қаден жаңа продюссерін таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тик-Ток желісінде тараған видеода Айдос қазір 11-шы сыныпта оқитынын айтады. Оның продюссері Жігер Ауыпбаевтан кетіп қалғанына үш ай болған. Қазір әншінің шаруасымен Қанағат атты жаңа продюссер айналысады.
– Жігерден кеткеніне үш ай болды. Туысқан інім. Жұмыстарын өзім қолым алдым. Ары қарай бірге жұмыс істейміз. Дуэт жазып жатырмыз, – дейді Қанағат.
Әнші Жігер Ауыпбаев өзі сахнаға шығарған «қойшы баламен» араласпай кеткенін хабарлаған еді. «Бала қазір өтпелі кезеңде жүр» дейді ол.