АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік сапармен Францияда жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін АҚШ президенті Парижге келді. Онда Франция президенті Эммануэль Макронмен ресми келіссөздер өтеді.
Reuters басылымы көшбасшылар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын, Израильдің Газадағы Хамаспен соғысын, Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ынтымақтастықты және климаттың өзгеруі мен логистиканы қоса алғанда, бірқатар саяси мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, келесі аптада Италияның Бари қаласында өтетін G7 саммитіне және шілде айында өтетін Вашингтондағы НАТО саммитіне дайындық жайлы да айтылады.
Фото: Ulysmedia
– Франция – біздің ең көне әрі ең мығым одақтастарымыздың бірі. Бұл одақты растап, сондай-ақ болашақты бағдарлап, бірге не істеуіміз керек екенін айқындауда бұл маңызды сәт болады, - деді АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан.
Бұл жолғы сапардың жөні бөлек. Ресми сапарлардан қарағанда, мемлекеттік сапар сәт-салтанат пен хаттаманың жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
Фото: Ulysmedia
Ulysmedia тілшісі Салтанат аркасы мен Елисей алаңдары қазір қоршалғанын хабарлайды. Онда әскери қызметшілер мен жедел жәрдем қызметкерлері тұр. Бұл жерде салтанатты рәсім мен шеру өтеді. Іс-шараның барысын жергілікті тұрғындар бақылайды.
Екі елдің президенттері де жұбайымен бірге рәсімге қатысады.