×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Еуропарламент сайлауының алғашқы қорытындысы шықты

10.06.2024, 10:27
Еуропарламент сайлауының алғашқы қорытындысы шықты
Фото: Ulysmedia.kz

Еуропарламент сайлауындағы алғашқы ресми дауыс санау нәтижелері бойынша Урсула фон дер Ляйенді қолдайтын Еуропаның халық партиясы (ЕХП) 720 орынның 186-сын жеңіп алып, көшбасшы орныды сақтап келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдын ала бағалау бойынша, оңшыл партиялар өз позицияларын нығайтқан. Сонымен, "Бірегейлік пен демократия" оңшыл фракциясы және "Консерваторлар мен реформаторлар" қалыпты оңшыл фракциясы жаңа Еуропарламенттегі 720 орынның 133-ін алады. 2019-2024 жылдары олар ЕП сапында 705 орынның 118-ін алған еді.

Осылайша, Еуропарламенттің жаңа құрамындағы оңшыл фракциялардың үлесі 16,7%-дан 18,5%-ға дейін өседі. Алайда тағы 51 орынды ресми фракцияларға кірмейтін депутаттар алады. Оларға мамыр айында "Бірегейлік және демократия" фракциясынан шыққан "Германия үшін балама" жатады.

Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссияның басында жаңа мерзімге қайта сайланатынына сенімді екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Еуропарламентте ортақ мақсаттармен, соның ішінде Украинаны қолдаушылармен жұмыс істейтінін айтты.

Бұл алдын-ала нәтижелер екенін ескеру керек.

Еуродақта Еуропарламентке сайлау аяқталды. 27 елдің сайлаушылары 720 депутатты таңдады.