×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Германияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті: СІМ түсініктеме берді

10.06.2024, 11:46
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан тарапы жоғалған азаматтың туған-туыстарына виза әперу үшін неміс тарапымен жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ ақпараты

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында 2024 жылдың 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтары жүгінгенін айтады. Олар 2024 жылдың 3 маусымда қызы жоғалып кеткені жөнінде арыз түсірген.

– Бас консулдық өтініш келіп түскен сәттен бастап, ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікі полицияға хабарласты. Полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді. Біздің оған тікелей араласуға құқығымыз жоқ, – дейді Смадияров.

Виза мәселесі

Қазақстанның дипломаттары жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста.

– Неміс тарапына жіті бақылауға алып, барлық қолғабысты көрсету жөнінде хат жолданды. Неміс тарапымен бірлесіп, жақын арада туыстарына виза алуға көмектесу бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз, – дейді ресми өкіл.

Оқиғаның мән-жайы

Германияда 2024 жылдың жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланғанын бұған дейін хабарлаған едік. 

Бұл жайлы Podslushano.de Instagram парақшасынан ақпарат тарады. 

Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.

Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.

Айгүлдің туған-ттуыстары Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінген. Қазір ұшып келіп, іздеуге көмектесу үшін виза алуға тырысуда. Неміс полициясы адамның жоғалуына байланысты іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары