×
465.28
499.2
5.33
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.28
499.2
5.33

«Жала жапты»: Әлия Назарбаева сотта жеңілді

10.06.2024, 19:30
Ulysmedia.kz

Бұған дейін бұрынғы президенттің қызы Әлия Назарбаева бизнесмендер Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевтің үстінен сотқа арыз түсірген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана соты Назарбаеваның бизнесмендердің үстінен түсірген арызын қараған. 

Нәтижесінде Бимурзин мен Қалиевтің тарапынан айыптау әрекетін көрмегендіктен оларға қатысты істі тоқтатуға шешім қабылдаған. Осылайша бұрынғы президенттің қызы Әлия Назарбаева сотта жеңіліс тапты. 

Бимурзиннің мәлімдемесі

Бұған дейін Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында бизнесмен Нұрлан Бимурзин мен қоғамдық өкіл Жарқын Күрентаев баспасөз мәслихатын өткізген еді. Бизнесмен 20 жыл бұрын активін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева тартып алғанын айтып, Бас прокуратураға арыз түсіргенін мәлімдеген. Қазір оның іс-материалдары Бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі комитетінің қарауында жатқаны сол тұста хабарланған еді. 

Бизнесмен өзінің сол кездегі активін 170 млн долларға бағалайды. Жеті мұнай базасы мен 96 жанар-жағармай құю бекеті болғанын айтады. Ол 2024 жылдың 19 ақпанында Бас прокуратураға арыз түсірген.

Назарбаеваның арызы

Осы ақпараттан кейін БАҚ-та Әлия Назарбаеваның Нұрлан Бимурзинге арыз жазғаны туралы ақпарат тараған. 

”Барып тұрғын арсыздық”

Журналистер кулуарда Ермұрат Бәпиден “Әлия Назарбаеваның Бимурзиннің өзін сотқа беруі қандай да бір сигналды білдіре ме?” деп сұраған.

– Бұл “сасқан үйрек құйрығымен жүзеді” дегеннің кері. Бәрін өз көзіммен көрдім. Әлия Назарбаева қол қойған нотариалды құжаттардың түпнұсқасын көрдім. Өзі қол қойған келісімшартты, компанияны қолға алатыны жөнінде құрылтайшылық құжатты көрдім. Заңгер әйел Рогованың қол қойған құжаттарын да. Көк мөрі соғылып, қолы қойылған құжаттар ғой. Аспаннан келген жоқ. Біреу қолдан жасаған жоқ. Бірақ соның бәрі көре тұра, біле тұра, осындай қылмыс жасай отырып, меншігінен айырылып қалған адамдарды қасақана, құйтырқылықпен сотқа беру – барып тұрған арсыздық, – дейді Ермұрат Бапи.

Бәпи өзінің осы тақырыпқа қатысты депутаттық сауал жолдағанын да айтты. 

Серіктес жаңалықтары