×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қарағанды облысында көкжөтелден екі жасар бала көз жұмды

11.06.2024, 13:51
Ашық дереккөзден

Бала осы жылдың наурыз айында көп ауырып көз жұмған. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты екпеден қорықпауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Біз наурыз айында Қарағанды облысында бір баладан айырылдық. Әуелі шала туып, кейін ұщақ ауырған баланы құтқару мүмкін болмады, - деді ол Үкіметте.

Бала бір жас 11 айлық болған.

Статистикаға сәйкес, ауырған балалардың 80 пайыздан астамына екпе салынбаған. 

- Көкжөтел - өте күрделі, жұқпалы ауру. Балаңызды, отбасыңызды инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы - вакцинация. Ол тұрғылықты жері бойынша емханаларда өткізіледі. Мен бәрін вакцина алуға шақырамын, – деді министр.

Бұған дейін Үкіметтің резервінен Ұлттық екпе күнтізбесі шеңберінде бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға 5 832 377 600 теңге бөлінгені хабарланған болатын. 

Қазақстандағы қызылша және А гепатиті

2023 жылдың желтоқсанында ЮНИСЕФ Қазақстанды қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орынға қойды. Елде қауіпті инфекциядан екі бала қайтыс болды.

2023 жылы қызылшаны жұқтырудың 29 648 жағдайы тіркелді. 

2024 жылдың наурыз айында денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері елде жедел вирустық А гепатитінің 850 жағдайы тіркелгенін хабарлады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары.

Серіктес жаңалықтары