×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

ЕУРО-2024 кім жеңеді: суперкомпьютер болжамы

11.06.2024, 15:49
Фото: ашық дереккөз

Opta статистикалық порталының мәліметінше, Англия құрамасы Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатының фавориті болып танылды, деп хабарлайды Ulys Sport.

Суперкомпьютерлік есептеулер бойынша, Словения, Дания және Сербия командаларымен бірге D тобында бақ сынайтын Англия құрамасының турнирде жеңіске жету мүмкіндігі ең жоғары – 19,9 пайыз.

Үздік үштікке сонымен қатар жеңіске жету мүмкіндігі 19,1 пайыздық Франция құрамасы мен 12,4 пайыз мүмкіндігі бар турнир қожайындары Германия құрамасы кірді. Испанияның мүмкіндігі 9,6 пайыз, Португалия 9,2 пайыз, Нидерландының мүмкіндігі 5,1 пайыз деп бағаланады. Қазіргі Еуропа чемпиондары итальяндықтарға Германияда жеңіске жету үшін 5 пайыз беріледі.

Ағылшын командасы Еуропаның вице-чемпионы, Еуро-2020 финалына шығып, Италиядан пенальти сериясында (1:1, 2:3) ұтылды. Бүкіл тарихында британдықтар құрлық біріншілігін жеңіп көрмеген.

Статистикалық қызметтің мәліметінше, Грузия құрамасының турнирде жеңіске жету мүмкіндігі ең аз – 0,1 пайыз. Сербия мен Украина құрамаларының мүмкіндіктері тең және бір пайызды құрайды.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы ЕУРО-ға жолдама алуға жақын еді, алайда біздің футболшылар іріктеу кезеңінде Грекия құрамасынан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары