×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Әнімді Африкаға дейін апарды”: әнші Заттыбек тиктокер Қайсар Қамзаға рақмет айтты

12.06.2024, 00:45
“Әнімді Африкаға дейін апарды”: әнші Заттыбек тиктокер Қайсар Қамзаға рақмет айтты

Бұған дейін әншінің туындысына Африкада билеген блогердің видеосы әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинаған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әнші “Хабар” телеарнасындағы бағдарламада айтты.  

Журналист Аман Тасыған Заттыбек Көпбосұлынан әндерінің қайта жаңғыру себебін сұраған. Өйткені әншінің орындауындағы туындылар қазір әлеуметтік желілерде трендке айналып, желі қолданушылары әртүрлі видеолар түсіріп жүр.  

“Негізі жастардың көбі қазір батыстың (Еуропаның ред.) әндеріне еліктеп жатыр дейміз. Жастық шақта ол заңдылық шығар. Бірақ түбі бір қазақы әндерді тыңдайтын, қазақы әндерді іздейтін жасқа келеді. Себебі оның қанында қазақылық бар,” - дейді әнші.  

Ал өз репертуарындағы әндердің қайтадан трендке шығуы Тик-ток әлеуметтік желісінің әсерінен деп топшылайды эстрада өкілі. 

“Осы эфирді пайдаланып Қайсар деген бауырымызға рақмет айтқым келіп тұр. Сонау Африкиға алып барып әнімді...,” - деді Заттыбек Көпбосынұлы.  

Айта кетейік әншінің Қайсар деп отырған Қайсар Қамза есімді блогер. Оның тик-ток парақшасында 300 мыңға жуық оқырманы бар. Заттыбек Көпбосұлының орындауындағы әнге түсірген видеосы желіде 5 миллионнан астам қаралым жинаған.  

Бұған дейін

Ulysmedia.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қандай әлеуметтік желілер қауіп төндіретіні және олар қалай шектелетінін сұраған.

– TikTok-қа қатысты мәселені нақтылайық. Шынында да, министрлік тарапынан бүгін де бұғаттау мәселесі жоқ. Бірақ кез-келген жағдайда, заңға сәйкес, қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар қарастырылған. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты заңдарды ашып қарауды ұсынамыз. Онда бәрі анық әрі түсінікті. Аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға төнетін қатерлер, әлеуметтік қатерлер және ұлттық қауіпсіздік құзыретіне жататын өзге де мәселелер айтылады ол жерде, - дейді Ысқақов.

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазір түрлі әлеуметтік желілерді, ең алдымен, TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Оның сөзінше, аталған желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткен.

Алматы тұрғыны желігі видео жүктеймін деп ірі көлемде айыппұл арқалаған еді. Сот әйел жүктеген бейнеролик жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп шешті. Бейне TikTok әлеуметтік желісінде тараған.