Палестинаның ХАМАС тобы Газа секторында Израильмен соғысты тоқтату жөнінде келіссөздерді бастауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жайлы Reuters агенттігі Хамастың аға өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.
– Хамас Газада Израильмен соғысты тоқтату жоспарын қолдайтын БҰҰ қарарын қабылдады және оны егжей-тегжейлі талқылауға дайын екенін білдірді, - делінген хабарламада.
Алайда Катар мен Мысырдың делдалдары Хамастан немесе Израильден БҰҰ қолдаған бейбіт ұсынысқа ресми жауап алған жоқ.
Көп адам Палестина-Израиль қақтығысы еврейлердің мұсылмандармен күресі деп санайды. Бұл іс жүзінде аумақ үшін күрес: екі жақ та бір жерге құқығы бар деп мәлімдейді.
1948 жылғы 14 мамырда Израильдің негізін қалаушы әкесі Дэвид Бен-Гурион Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялады. Палестиналықтар бұл күнді Аль Накбу – апат күні деп атады.