×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Банктерге қарыз алатын азаматтардың қандай жеке деректері беріледі

12.06.2024, 10:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік бюроларға ұсынылатын өзге де мәліметтерді бекіту туралы қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаулы жобасы

Құжатқа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарына, несиелік бюроларға келесі деректерді беру ұсынылады:

  • қарыз алушының шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінген күні;
  • кредиторлардың қарыз алушының өтінішін қарау нәтижелері;
  • кредиторлардың жауап күні мен нөмірлері;
  • шарт талаптарындағы өзгерістер;
  • өндіріп алудың негіздері мен күні;
  • соңғы төлем күні;
  • төлем сомасы;
  • тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер.  

Коллекторлық агенттіктер несиелік бюроларға келесі деректерді ұсынады:

  • толық атауын көрсете отырып, қарыз берген кредиторның БСН нөмірі;
  • шарт бойынша құқықты (талапты) берген тұлға туралы, басқаға беру күні, БСН, берілген құқықтың сомасы, талаптың нақты құны;
  • соңғы төлем күні;
  • төлем сомасы;
  • тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер.
Серіктес жаңалықтары