×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

ҚТЖ жемқорлықпен былығып жатқанда Сауранбаев Парламентке неге келмейді – Жаңбыршин

12.06.2024, 16:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстан темір жолы ұлтық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты Парламентке шақыруды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбыршиннің сыны

– Мынау жерде ҚТЖ мәселесі қаралды. Көп айтылды. Бірақ ҚТЖ-ның президенті жоқ мына жерде. Сауранбаев деген кім ол? Неге келмейді мұнда? Өмірі келген емес. Парламентте жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Қайта-қайта осы мәселе көтеріледі. Сауранбаев келмейді. Кім ол? Неғылған адам ол? Өмір бойы ҚТЖ жемқорлықпен былығып жатыр ҚТЖ, ал ол мұнда келіп жауап бермейді. Орынбасарларын жібереді. Ал ҚазақГазды қараған уақытта оның басшысы осында келді. Самұрық-Қазынаның басшысы да. Ал ҚТЖ басшысы неге келмейді? Ол кім ол соншама? – деді Еділ Жаңбыршин бүгін Мәжіліс отырысында.

Депутаттың айтуынша, мәселенің бәрін кадр шешеді. Айтуынша, жанар-жағармай, құрал-саймандар бағытында ұлттық компанияда үлкен схемалар бар. 

– Оның бәрін бізге адамдар айтып жатыр. Теміржолдың будкаларын қараңыздар. ХХ ғасыр емес, ХІХ ғасырдағы будкалар. Ұят емес пе!? ҚТЖ басшысы бір ретте елмен барып кездескен жоқ. Теміржолшылармен кездескен жоқ. Қаншама ереуіл болып жатыр. Біреуіне де барған жоқ. Нағылған адам ол? Кім соншама ол? Осы жерден ол мықты ма соншама? Дұрыс емес қой, – дейді ол.

Еділ Жаңбыршин Ресей тарапы 3,7 трлн теңге соманы теміржол саласынан тауып отырғанын айтады. 

– Ал біздің ҚТЖ-да 3 трлн теңге қарыз бар. Ал Ресейдің РЖД-дасында 3,7 трлн теңге кіріс бар. Таза пайдасы 596 млрд теңге. Қараңыздар. 2023 жылдың қорытындысы. Қазақстан қайда жүр? – деп сұрайды Жаңбыршин.

Еділ Жаңбыршин Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа ҚТЖ басшысын Парламентке шақырып, мәселесін майшаммен қарауды ұсынды. 

Смайылов не деді

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте көлік инфрақұрылымына жасалған аудит қорытындысын жариялаған еді. Оның сөзінше, 

кейінгі төрт жылда теміржол саласын дамытуға шамамен 2 трлн теңге, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 332 млрд теңге жұмсалған. Қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, бұл экономиканың жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қажеттілігін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып шыққан. Соның салдарынан теміржол желілері, локомотивтер, вагондар әбден тозған.

– 2020-2023 жылдары магистральдық, стационарлық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін 4 мыңнан астам бұзу фактілері тіркелді. Тек 2023 жылдың өзінде жолаушылар пойыздарының кешігуі 412 сағатты құрады немесе 2022 жылмен салыстырғанда 5 есе өскен. Кезінде өзін-өзі қамтамасыз еткен компания тиімсіз және консервативті басқару, мемлекет иелігінен дұрыс ойластырылмай шығару салдарынан бүгінде әрең күн көруде. Барлық табысы жоғары қызметтер меншік компаниялардың қолына берілген. ҚТЖ-ның айналасындағы артық делдалдарға ыңғайлы жағдай жасалып, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын 80 млрд астам теңгеге көтерген, – дейді ол.

Смайыловтың айтуынша, мәселен, 2018 жылдан бері жеке тасымалдаушылардың магистральдық теміржол желісіне қол жеткізу жөніндегі пилоттық жоба күткен нәтиже бермей, ҚТЖ табыстарының айтарлықтай азаюына әкеп соғып отыр. Жеке жүк тасымалдаушылар мұнай және мұнай өнімдері сияқты пайдасы көп тасымалдарды, сондай-ақ электрлендірілген учаскелерде пойыздың құрамын толық толтыратын маршруттарды иеленген.

Серіктес жаңалықтары